Буркина-Фасо Ұлттық футбол құрамасы - Халықаралық футбол жарыстарында Буркина-Фасоның намысын қорғайтын құрама. КАФ және ФИФА мүшесі. Африка кубогынде 2013 жылы Оңтүстік Африкада өткен Африка Ұлттарының кубогынде финалға дейін жетті. Финалда Нигерия құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты. Бұл табыс әзірше құраманың ең жоғары жетістігі саналады. Арада төрт жыл өткен соң Габонда ұйымдастырылған турнирде жартылай финалға дейін жетіп, Египеттен пенальтлер арқылы ғана сүрінді. Үшінші орын үшін ойында Гана құрамасын ұтып, қола жүлдені олжалады. Жетістіктері Африканың күміс жүлдегері - 2013 Африканың қола жүлдегері - 2017 Атақты футболшылары Абдулайе Сиссе Амаду Кулибали Мумуни Дагано Аристид Бансе Иссуф Коне Шарль Каборе Ибрахим Гнану Джонатан Питройпа Бенджамин Балима Бертран Траоре

Сілтемелер ФИФА сайтында Буркина-Фасо құрамасы жайлы

Санат:Буркина-Фасо Ұлттық футбол құрамасы