Папуа — Жаңа Гвинея Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Папуа — Жаңа Гвинеяның атынан сынға түсетін құрама. ФИФА және ОФК мүшесі. Басқарушы орган - Папуа — Жаңа Гвинея футбол қауымдастығы. 2016 жылғы ОФК Ұлттар кубогының күміс жүлдегері. Әзірше әлем чемпионатына қатысқан емес.
ОФК Кубогы-2016. Финал 2016 жылғы ОФК Кубогында құрама финалға дейін жетті. Финалда турнирдің басты фавориті Жаңа Зеландия құрамасымен кездесіп, 120 минут бойы есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында жаңа зеландиялықтардың бағы жанып кетті - 4:2.
Тағы қараңыз Папуа — Жаңа Гвинея әйелдер ұлттық құрамасы
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында Құрама матчтары
Санат:Папуа — Жаңа Гвинея Ұлттық футбол құрамасы