Төменгі Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Төменгі бұрлық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Саумалкөл аулынан оңтүстікке қарай 55 км-дей жерде, Бабықбұрлық өзен жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1029 адам (496 ер адам және 533 әйел адам) болса, 2009 жылы 1071 адамды (530 ер адам және 541 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1849 жылы қаланған. Ұжымдастыру кезінде мұнда алдымен коммуна, кейін ұжымшар құрылды. 1961–1996 жылдары астық кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде Төменгі бұрлықта 1997 жылы ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері