Давор Шукер (; 1 қаңтар 1968, Осиек) — югославиялық және хорватиялық футболшы. 1998 жылғы әлем чемпионатының сұрмергені (6 гол) және қола жүлдегері. Хорватия Ұлттық футбол құрамасы тарихындағы үздік мерген. 2012 жылдан бері Хорватия Футбол Одағының президенті.
Мансабы Футболды өзінің туған қаласы Осиектегі "Осиек" клубында бастады. Бес жылдай ойнап, 1989 жылы Загребтің "Динамосына" ауысты. Екі маусымда 34 гол соғып көзге түсті де, Югославия құрамасына шақыртылды. 1991 жылы Испанияның "Севильясына" өттіSuker (NFT).
Югославия құрамасы сапында екі ойын өткізген. Көп ұзамай Югославия тарап кетті де, Шукер Хорватия құрамасы сапында ойнай бастады. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 1996 жылғы Еуропа чемпионаты. Ол турнирде Хорватия ширек финалға дейін жетті. Шукер екінші турда Данияның қақпасына екі доп соқты. Ширек финалда Германияның қақпасына да бір гол соқты, бірақ Хорватия 1:2 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. 1998 жылғы әлем чемпионатына Хорватия дебьютант ретінде қатысса да, қола жүлдегер атанды. Шукер Хорватияның жеті ойынына да қатысып, алтауында гол соқты. Нәтижесінде чемпионаттың сұрмергені атанды.
Бірақ Хорватия 2000 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. Шукер 2002 жылғы әлем чемпионатына да барды, бірақ бір ойында да алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды.
Клубтық карьерасында кейін "Реал Мадрид", "Арсенал" секілді топ-клубтарда доп тепті. Соңғы ойнаған клубы — "Мюнхен-1860" Бұл командада онша жарқырай алған жоқ. Екі маусымда не бары 5 гол ғана соқты.
Жетістіктері Испания чемпионы 1996/97 Испания суперкубогы 1997 Чемпиондар Лигасы 1997/98 Континентаралық кубок 1998 Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1987 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1998 Хорватияның үздік футболшысы: 1992, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998 ФИФА 100 тізіміне енген
Дереккөздер
Сілтемелер Биографиясы
Санат:Югославия футболшылары Санат:Хорватия футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Мюнхен-1860 ФК ойыншылары