Юрген Клинсманн (; 30 шілде 1964, Гёппинген, Баден-Вюртемберг, ГФР) — неміс футболшысы және футбол бапкері. ГФР және Германия Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Мансабы Карьерасында өте көп клуб ауыстырған футболшы саналады. Салыстырмалы түрде алғанда, ең ұзақ уақыт ойнаған клубы - "Штутгарт". Бұл командада бес жылдай доп тепті. Есесіне, ұлттық құрамада тұрақты ойнады, 1987-98 жылдар аралығында құрама қатысқан ірі турнирлердің барлығына барды, атап айтқанда, үш әлем чемпионаты мен үш Еуропа чемпионатына қатысты. Қатысып қана қоймай, барлығында да гол соқты. Үш әлем чемпионатында гол соққан футболшылардың қатарын толықтырды. 1990 жылы әлем, 1996 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Құрама сапындағы соңғы ойынын 1998 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Хорватияға қарсы өткізді (0:3).

Бапкерлік карьерасын 2004 жылы Германия құрамасын жаттықтырудан бастады. 2006 жылғы өз елінде өткен әлем біріншілігінде Германия жартылай финалға дейін жетіп, Италияға жол берді — 0:2. Италиялықтар екі голды да эктра таймның соңғы минуттарында соқты. Үшінші орын үшін кездесуде Португалияны 3:1 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды. Осы кездесуден соң құрама бапкерлігінен өз еркімен босады.

2008-09 маусымда "Бавария" командасын баптады. 2011-16 жылдары АҚШ құрамасына бапкер болды. 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысып, өзінің бұрынғы шәкірттері - Германия құрамасымен және Гана, Португалиямен бір топқа түсті. Төрт ұпай жинап, 1/8 финалға Бельгиядан ұтылуға мәжбүр болды — 1:2.

ӘЧ-2018 іріктеуіндегі сәтсіздіктерден соң АҚШ құрамасының бапкерлігінен босады.

Жетістіктері Клубтық Еуропаның қола жүлдегері: 1988 Әлем чемпионы: 1990 Еуропаның вице-чемпионы: 1992 Еуропа чемпионы: 1996 УЕФА кубогы: 1991, 1996

Жеке Германияның үздік футболшысы: 1994, 1998 Англияның үздік футболшысы: 1995 Германия чемпионы: 1997 ФИФА 100 тізіміне енген

Бапкер ретінде Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2006 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2005 Германиядағы үздік бапкер: 2006

Дереккөздер

Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Германия футболшылары

Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары

Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Корея Республикасы Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Герта Берлин ФК жаттықтырушылары