Роже Пьянтони (; 26 желтоқсан 1931 — 26 мамыр, 2018, Этен, Франция) — француз футболшысы, ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Франция Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған1. Пьянтони Роже Футбол: Әлем футболы энциклопедиясы. С. Н. Шмитько. М, 2000, Росмэн-Издат, с. 154.

Карьерасы Футболшылық ғұмырында "Нанси", "Реймс", "Ницца" клубтарында ойнап, 200-ден аса гол соқты.

1958 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы сапында ойнап, жартылай финалға дейін жетті. 1961 жылы жарақат алғанға дейін әлемнің үздік ойыншыларының бірі болды. Жарақаттан соң бұрынғыдай көзге түсе алмады. Нәтижесінде құрамадағы карьерасын 30 жасында аяқтады.

Жетістіктері Франция кубогы 1958 УЕФА Чемпиондар кубогының финалисі 1959 Франция чемпионы 1958, 1960, 1962 Франция чемпионатының сұрмергені 1951, 1961 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1958

Дереккөздер

Сілтемелер Роже Пьянтони

Санат:Франция футболшылары