Азиз Бухаддуз (; 30 наурыз 1987, Беркан, Марокко) — марокколық футболшы, Марокко құрамасы мен Германияның «Франкфурт» клубының шабуылшысы.

Карьерасы Мароккода дүниеге келіп, 1988 жылы отбасы Германияға көшіп өтті. Сол себепті де тек Германия клубтарында ойнап келеді.

Марокко құрамасы сапында 2016 жылы 29 жасында тұңғыш рет ойнады. Ол құрамамен бірге 2017 жылғы Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылғы әлем біріншілігіне барды.

2018 жылғы әлем біріншілігінің алғашқы ойынында Иранмен кездесіп, Бухаддуз 90+5 минутта өз қақпасына абайсыз гол соғып алды да, Марокко 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Марокко футболшылары Санат:Марокко Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Санкт-Паули ФК ойыншылары Санат:Дуйсбург ФК ойыншылары Санат:Франкфурт ФК ойыншылары