Марк Овермарс (; 29 наурыз 1973 жыл, Эмст, Эпе, Гелдерланд) — нидерланд футболшысы, жартылай қорғаныста ойнаған. Қазір "Аякс" клубының техникалық директоры.

Мансабы Клубтық карьерасында жүлделерінің көбін "Аякс" сапында ұтып алды. "Аякс" сапында 1992-97 жылдары өнер көрсетті. 1997 жылы "Арсеналға" ауысқан соң келесі маусымда жүлделік "дубль" жасап, Англия чемпиондығы мен кубогына қол жеткізді. 2000-04 жылдары "Барселонада" ойнап ештеңе ұта алмады. 2004 жылы 31 жасында-ақ карьерасын аяқтағанымен, 2008 жылы Нидерландының "Гоу Эхед" клубында бір маусымдай доп тепті де, қайтадан футболшылық ғұмырына нүкте қойды.

Ұлттық құрама сапында екі рет Еуропа чемпионатының (2000, 2004), бір рет әлем чемпионатының (1998) жартылай финалына дейін жетті.

Жетістіктері Командалық «Аякс»

Нидерланд чемпионы (3): 1993/94, 1994/95, 1995/96 Нидерланд кубогы (1): 1992/93 Нидерланд суперкубогы (2): 1993, 1994 Чемпиондар Лигасы (1): 1994/95 УЕФА Суперкубогы (1): 1995 Құрлықаралық кубок (1): 1995

«Арсенал»

Англия чемпионы (1): 1997/98 Англия кубогы (1): 1997/98 Англия суперкубогы (1): 1998 УЕФА Кубогының финалисі (1): 1999/2000

Нидерланд құрамасы

Әлем чемпионатында 4-орын: 1998 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2000, 2004

Сілтемелер Марк Овермарс. Профилі.

Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары