Жуан Силвейра дос Сантос (; 1 ақпан 1979, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. Бразля құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.
Карьерасы Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2001 жылы 15 шілде күні Америка кубогында Перуге қарсы өткіздіBrazil 2:0 Peru . 2006 және 2010 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. 2010 жылғы әлемдік доданың 1/8 финалында Чилимен ойында есеп ашты. Бұл ойында Бразилия 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Карьерасын Бразилияның "Фламенго" клубында бастады. Ұзақ жылдар ойнап, 113 кездесуде алаңға шықты. 2002-07 жылдары Германияның "Байер 04" клубында доп тепті. Кейін Италияның "Рома", Бразилияның "Интернасьонал". клубтарында өнер көрсетіп, 2016 жылы "Фламенгоға қайта оралды.
Жетістіктері Рио-де-Жанейро чемпионы (5): 1996, 1999, 2000, 2001, 2017 Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы (3): 2013, 2014, 2015 Бразилия кубогының финалисі (1): 2017 Бразилия чемпиондары кубогының жеңімпазы (1): 2001 Италия кубогы (1): 2007/08 Италия суперкубогы (1): 2007 Алтын кубок жеңімпазы (1): 1996 Меркосур кубогы (1): 1999 Оңтүстік Америка кубогының финалисі (1): 2017 Америка кубогының жеңімпазы (2): 2004, 2007 Конфедерациялар кубогы (2): 2005, 2009
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары