Адриано Лейте Рибейро (; 17 ақпан 1982, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы "Фламенго" клубының түлегі. 1999 жылы жастар арасындағы әлем чемпионаты атанды да, оған еуропалық клубтардың көзі түсті. 2001 жылы "Интер" сатып алды. Бірақ 19 жасар футболшының көмегін клуб онша қажетсінбей, келесі жылы "Фиорентинаға" жалға берді. Кейін "Парма" клубында доп тепті. Тек 2005 жылы ғана "Интердің" толыққанды футболшысы атанды.

Бірақ футболшы ішкілікке салынып кетті де, клубтағы орнын дереу қайта жоғалтты. Бразилияға барып емделу курстарынан өтті де, шеберлігін аздап дұрыстап алды. Алайда команда бапкері Жозе Моуриньомен киікілжіңге келіп, 2008 жылы "Сан-Паулуға" жалға берілді. Қыта қайта оралды да, командада жаттығуын жалғастыра берді. 2009 жылы "Интер" оны түпкілікті сатып жіберді. Енді ол өзінің туған клубы "Фламенгоға" барды.

2010 жылы Италияға қайта оралып, "Рома" футболшысы атанды. Римдік клубтағы алғашқы ойынын 22 қыркүйек күні "Брешиаға" қарсы өткізді. 2011 жылы көктемде келісім шарт жоққа шығарылды да, "Коринтианс" клубымен жаңа келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрамада алғаш рет 2000 жылы 15 қараша күні ойнады. 2005 жылы Конфедерациялар кубогында 5 гол соғып, үздік мерген атанды.

2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

Бразилия чемпионы (3): 2008 («Сан-Паулу»), 2009 («Фламенго»), 2011 («Коринтианс») Италия чемпионы (4): 2006, 2007, 2008, 2009 («Интернационале») Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 2001 Италия кубогы (2): 2005, 2006 Италия суперкубогы (2): 2005, 2006

Құрамада

Оңтүстік Америка чемпионы (1): 2004 Конфедерациялар кубогы (1): 2005 17-жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионы: 1999 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Оңт. Америка чемпионы: 2001

Жеке

Бразилия чемпионатының мергені: 2009 (19 голов) Америка кубогының үздік футболшысы: 2004 Америка кубогының үздік мергені: 2004 (7 голов) Кофедерациялар кубогының үздік футболшысы: 2005 Конфедерациялар кубогының үздік мергені: 2005

Сілтемелер Профиль

Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары Санат:Майами Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары