Александр Павлович Глеб (; 1 мамыр 1981 жыл, Минск) — беларусьтік футболшы, жартылай қорғаушы.

Туған інісі Вячеслав Глеб те кәсіпқой футболшы.

Мансабы

Клубтық "Динамо" (Минск) клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1996 жылы "Динмаоның" жастар клубында бастады. 1998 жылы 17 жасында БАТЭ сапына ауысты.

2000 жылы інісі Вячеславпен бірге "Штутгарт" қатарын толықтырды. 2005 жылы 5 қыркүйек күні Бундеслигадағы тұңғыш ойынын "Кайзерслаутернге" қарсы өткізді. 2004/05 жылғы маусымда Глеб Германия чемпионатының үздік ассистенті атанды.

2005 жылы жазда "Арсеналға" ауысты. Екі маусым бойы негізгі құрамда ойнап, 2007/08 жылғы чемпионатта жарақатының кесірінен онша жарқырай алмады.

2008 жылы жазда "Барселонаға" ауысты. Осы трансферден соң-ақ Глебтің жолы болмады, "Барселонада" кіл жұздыздардың көлеңкесінде қап кетті, оның үстіне 2008/ 09 жылғы маусымның бастапқы бөлігінде жарақаты жазылмай, алаңға шыға алмады, одан кейінгі жылдарды түрлі клубтарда арендада өткізді. 2012 жылы ақпан айында "Барселонадан" біржола босап, "Қрылья Советовқа" ауысты.

2012 жылы шілдеде араға 12 жыл салып еліне оралды да, БАТЭ клубымен келісім шарт жасасты. Кейін де БАТЭ сапына бірнеше рет келіп, бірнеше рет кетті, арасында Түркияның "Генчлербірлігі", "Коньяспор" клубтарында ойнады.

2020 жылы наурыз айында карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Беларусь құрамасы сапында ең ұзақ ойнаған футболшы. 19 жыл бойы құрама намысын қорғап, 77 кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері

Командалық БАТЭ

Беларусь чемпионы (5): 1999, 2012, 2013, 2015, 2016

Штутгарт

Интертото кубогы: 2002

Барселона

Испания чемпионы: 2008/09 Испания кубогы: 2008/09 Чемпиондар Лигасы: 2008/09

Бирмингем Сити

Лига кубогы: 2010/11

Жеке

Беларуссияның үздік футболшысы (6): 2002, 2003, 2005, 2006, 2007, 2008 Бундеслиганың үздік ассистенті: 2004/05 «Арсенал» сапындағы тамыз айының үздік футболшысы: 2005

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі мен статистикасы Профилі мен статистикасы (pressball.by) Профилі мен статистикасы Статистикасы Александр Глеб. «Первопроходец»

Санат:1 мамырда туғандар Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:БАТЭ ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Халықаралық сыныптағы Беларусь Республикасының спорт шеберлері Санат:Жасөспірімдер арасындағы Беларусь футбол құрамасының ойыншылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо-Юни ФК ойыншылары Санат:Крылья Советов Самара ФК ойыншылары Санат:Коньяспор ФК ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Беларусь футболшылары