Ваит Абдул-Хамидович Талғаев (11 мамыр 1953, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО футболшысы, КСРО және Қазақстанның футбол бапкері. Қазақстандағы ең табысты бапкерлердің біріВаит Талгаев: «Біздегі мектеп мықты».
Мансабы Жамбыл (қазіргі Тараз) футболының түлегі. Карьреасын жамбылдық "Алатау" клубында бастаған. Жетпісінші жылдардың соңында "Қайратта" ойнап, одаққа танымал болды.
1982 жылы "Қайратта" ойнап жүріп футболшылық ғұмырын аяқтады да, тоқсаныншы жылдары бапкерлік қызметке кірісті. Көп басқарған ұжымдары — Қазақстанның "Тараз" командасы мен Ресейдің "Ахмат" (ол кезде "Терек" деп аталатын) клубы.
2000 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырды. Ұлты шешен болғанымен өзін қазақ сезінетін футболшалардың бірі.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
«Кайрат»
КСРО чемпионатындағы 1 лига жеңімпазы: 1976
Бапкер ретінде
«Тараз»
Қазақстан чемпионы: 1996 Қазақстанның ұола жүлдегері: 1995, 1997
«Атырау»
Қазақстанның күміс жүлдегері: 2001, 2002
«Терек»
Ресей кубогы: 2003/04 Ресейдегі 1 лига жеңімпазы: 2004
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Профилі Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Ахмат ФК жаттықтырушылары Санат:Жетісу ФК жаттықтырушылары Санат:Тараз ФК жаттықтырушылары Санат:Ертіс ФК жаттықтырушылары Санат:Қайсар ФК жаттықтырушылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары