Максим Нұрланұлы Жалмағамбетов (7 қараша, 1983 жыл, Целиноград) — қазақстандық футболшы, қорғаушы.
Максим жайлы фактілер Ұлттық құрама сапында 2004-08 жылдары ойнады. Алғашқы ойынын 2004 жылы қарашада сырт алаңда Грекия құрамасына (ӘЧ-2006 іріктеуі) қарсы ойнады. ӘЧ-2006, ЕУРО-2008 турниріндегі матчтарға тұрақты түрде қатысып, жауапты, маңызды деген ойындардың барлығында алаңға шықты. 2007 жылы 6 маусым күні Әзірбайжанмен ойында алаңнан қуылып, кейінгі Финляндия, Бельгия, Польшамен өткен ойындарда алаңға шыға алмады. Нәтижесінде құрамаға сол жылы қазан айында Португалиямен ойында ғана оралды. Соңғы ойынын 2008 жылы Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Арно Пайперстің кезінде құрамаға тұрақты шақырылып тұрған Максим Бернд Шторк бапкер боп келген соң мүлде шақырылмады. Максим қазақстандың футболшылар арасындағы ең бойы ұзын спортшы. Оның бойы 197 см.
Жетістіктері Қазақстан чемпионы: 2006 Қазақстан кубогы: 2005
Ойнаған клубтары 2001—2002Жеңіс (Астана)2 (0)2002Ақжайық (Орал)6 (4)2003Екібастұз (Екібастұз)2 (0)2003Жастар (Астана)10 (3)2004Еуразия (Астана)10 (4)а2004—2008Астана (Астана)73 (12)2008→ Антверпен (Бельгия)1 (0)2009Жетісу (Талдықорған)8 (1)2010—2011Ертіс (Павлодар)30 (0)2011Астана (Астана)11 (1)2012Ордабасы (Шымкент)4 (0)2013Атырау (Атырау)0 (0)2013Астана-19648 (1)2015Қызылжар (Петропавловск)2 (0)
Сілтемелер Профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:Антверпен ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары