Крейг Дуглас Беллами (; 13 шілде 1979 жыл, Кардифф) — уэльстік футболшы, шабуылшы. Уэльс Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы Карьерасында шотландиялық "Селтиктен" басқа бірнеше ағылшындық клубтарда, атап айтқанда "Норвич Сити", "Ньюкасл", "Ливерпуль", "Блэкберн Роверс", "Вест Хэм" командаларында өнер көрсеткен. Бірақ Англия чемпионы болудың сәті түскен жоқ. Тек "Ливерпуль" сапында 2006 жылы Англия суперкубогын, 2012 жылы Англия Лига кубогын ғана ұтып алды.

2014 жылы 22 мамыр күні "Кардифф Ситиде" ойнап жүріп, карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Ұлттық құрамада Уэльстің түрлі жастағы құрама командасында ойнады. Негізгі құрамада 1998-2013 жылдары өнер көрсетті. Уэльс құрамасы сапында жалпы 78 ойын өткізіп, 19 голдың авторы атанды. 2012 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Райан Гиггз құрамадағы карьерасын аяқтаған соң, 2007-11 жылдары Уэльс құрамасының капитаны болды.

Құрамадағы статистикасы ЖылдарОйындар саныГолдар саны199842199930200030200151200232200351200471200542200672200784200851200941201021201171201230201380Бары7819

Жетістіктері

Командалық

Шотландия кубогы: 2005 Англия суперкубогы: 2006 Англия лига кубогы: 2012

Жеке

Премьер-лигада сегіз түрлі команда сапында гол соқты. Жылдың үздік жас ойыншысы (Англия чемпионаты) (1): 2001/02 Уэльстегі жыл футболшысы (1): 2007

Сілтемелер Профиль Профиль Профиль и Ойыншы жайлы жаңалықтар на LiverBird.ru

Санат:Уэльс футболшылары Санат:Норвич Сити ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Кардифф Сити ФК ойыншылары Санат:Уэльс Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары‎