Жамбыл — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Кейде Мырзағұл депте атайды . Себебі Мырзағұл атаның ұрпақтары осы ауылда қоныстанған. Қазірде 11 сыныптық жалпы орта мектебі , мектеп жанында “Айгөлек”шағын орталығы бар . Спорт зал және ауылдық кітапханасы , мәдениет үйі мектептің маңында орналасқан.
Ауылға халық санын көбейту мақсатында оңтүстіктен арнайы бағдарлама бойынша отбасылар келіп қоныстануда .
Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде, Теке көлінен шығысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 374 адам (195 ер адам және 179 әйел адам) болса, 2009 жылы 279 адамды (137 ер адам және 142 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері