Траянос Деллас (; 31 қаңтар 1976, Салоники, Грекия) — грекиялық футболшы, қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады. 2004 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы Карьерасында Грекия, Италия, Кипр клубтарында ойнады.
Ұлттық құрамаға 2001 жылы шақырылды. 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Жартылай финалда Чехияның қақпасына 105-минутта гол соғып, командасына жеңіс әперді. Оның соққан голы "күміс доп" ережесіне сәйкес келіп, 105-ші минутта-ақ ойын тоқтатылды.
Финалда Португалиямен ойында Деллас 90 минутты толық ойнады. Бұл ойында Грекия 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа чемпионы атанды.
Ұлттық құрамада 2009 жылға дейін ойнады. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына да қатысты.
Футболмен 2012 жылы АЕК сапында ойнап жүріп қоштасты. 2013-15 жылдары осы клубтың жаттықтырушысы болды. 2017 жылдан бері Афинаның "Атромитос" клубын жаттықтырып келеді.
Жетістіктері
Грекия кубогы (2): 2000, 2011 Еуропа чемпионы: 2004
Қатысқан турнирлері
Еуропа чемпионаттары: 2004, 2008
Сілтемелер Сайты Профилі Профилі
Санат:Грекия футболшылары Санат:Арис Салоники ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Анортосис ФК ойыншылары Санат:Грекия футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК жаттықтырушылары