Дмитрий Андреевич Мирошниченко (26 ақпан 1992, Ақтөбе, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Тобыл" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
Карьерасы Краснодардың "Кубань" клубының түлегі. 2011 жылға дейін "Кубанның" жастар командасында доп тепті. 2011 жылы Қазақстанға келіп, "Ақтөбе" қатарын толықтырды. 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
2016 жылы "Тобыл" клубына ауысты.
Ұлттық құрамада бірінші рет 2014 жылы 12 тамыз күні Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
Жетістіктері Командалық
Қазақстан чемпионы: 2013 Қазақстанның вице-чемпионы: 2014 Қазақстанның қола жүлдегері: 2015 Қазақстан суперкубогы: 2014 Қазақстан кубогының финалисі: 2014
Сілтемелер Профилі
Санат:26 ақпанда туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары