Нильс Лидхольм (; 8 қазан 1922 жыл, Вальдемарсвик — 5 қараша 2007 жыл, Куккаро-Монферрато) — швед футболшысы, жартылай қорғаушы. Швеция футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі, 1948 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы, Швеция Ұлттық құрамасы мен Италияның "Милан" клубында Гре-Но-Ли лақап атымен әйгілі болған швед триосының өкілі. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Кәсіпқой карьерасын туған жеріндегі "Вальдемарсик" клубында бастады. Сосын "Слейпнер", "Норчепинг" клубтарында ойнады. 1949 жылы Гуннар Нордаль, Гуннар Грен үшеуі жұбын жазбай "Миланға" ауысты да, жұлдызды шақтарын бастан өткізді. Алғашқы маусымда-ақ үшеуі 118 голдың авторы атаныпты.

Лидхольм сол күйі Италияға біржола тұрақтап қалды. "Милан" сапында 1961 жылға дейін ойнап, көптеген жүлделерді ұтып алды.

1961 жылы миландық клубтың бапкерінің көмекшісі болды да, сол күйі көптеген жылдар бойы Италияның бірнеше клубтарын жаттықтырды.

Өзі дүниеге келген Вальдемарсвиктің құрметті азаматыhttp://www.valdemarsvik.se/en/Publik/Kultur--Fritid/Nils-Liedholm/Nils-Liedhoms-minne-21/Historik/ .

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

«Ноорчёпинг»

Швеция чемпионы: 1947, 1948

«Милан»

Италия чемпионы: 1951, 1955, 1957, 1959 Латын кубогы: 1951, 1956 Чемпиондар кубогының финалисі: 1958

Швеция құрамасы

Олимпиада чемпионы: 1948 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1958

Бапкер ретінде

Италия чемпионы: 1979, 1983 Италия кубогы: 1980, 1981, 1984 Чемпиондар кубогының финалисі: 1984

Тағы қараңыз

Гре-Но-Ли

Дереккөздер

Сілтемелер Нағыз барон. И.Гольдес Жұлдыздардың көзін ашушы

Санат:8 қазанда туғандар Санат:22 қарашада қайтыс болғандар Санат:Швеция футболшылары Санат:Норчепинг ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Верона ФК жаттықтырушылары Санат:Фиорентина ФК жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Швеция футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Швеция Олимпиада чемпиондары Санат:1948 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары