Тұрсынай Саидазимова (, 1911 жыл, – 19 наурыз 1928 жыл, ) — өзбек ұлтынан шыққан алғашқы актрисалардың бірі.
Тұрсынай Саидазимова 1911 жылы Ташкент қаласында дүниеге келді (Сырдария облысы, Ресей империясы). 1924 жылдан 1927 жылға дейін Мәскеудегі Өзбек ағарту Үйінің жанында ашылған үшжылдық өзбек театр студиясында білім алып, драматург және ақын Хамза Хакимзаде Ниязидің оқушысы болды. 1927 жылдан бастап қаза тапқанға дейін Өзбек ұлттық театрында жұмыс істеді.
1928 жылы 18 жасар Тұрсынай Саидазимованы «арсыздық» жасағаны үшін өз күйеуі пышақпен бауыздап өлтірді. Саидазимованың өлімінен кейін оған арнап өлең шығарған Хамза Ниязи бұл оқиғадан бір жыл өткен соң Ферғана алқабындағы бір ауыл тұрғындарының қолынан қаза тапты.
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан актрисалары Санат:1911 жылы туғандар Санат:1928 жылы қайтыс болғандар