Лайош Тихи (; 21 наурыз 1935, Будапешт, Мажарстан — 6 қаңтар 1999, сонда) — мажар футболшысы, шабуылшы, кейін бапкерлікпен айналысқан. Бүкіл карьерасында бір ғана клубта — "Гонвед" командасында және Мажарстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Ұлттық құрамада Ұлттық құрамада 1955-71 жылдары ойнады. 1955 жылы 5 мамыр күні Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға ойын барысында қосылып, 11 минуттан соң гол соқты. Бұл кездесуде Мажарстан 5:0 есебімен жеңіске жетті.
1958 жылғы әлем біріншілігінде Тихи төрт кездесуде 4 гол соқты, бірақ құрама топтық турнирден өте алмады. 1962 жылы әлемдік додада Мажарстан ширек финалға дейін жетті. Бұл жолы Тихи 3 гол соқты. 1966 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, алаңға шыққан жоқ.
Жетістіктері
Командалық
Мажарстан чемпионы: 1954, 1955 Мажарстан кубогы: 1964 Митропа кубогы: 1959
Жеке
Мажарстандағы жыл футболшысы: 1959 Мажарстан чемпионатының үздік мергені (5): 1959, 1961, 1962, 1963, 1964 Орталық Еуропаның үздік мергені: 1955–1960
Бапкер ретінде
Мажарстан чемпионы: 1980
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:21 наурызда туғандар Санат:6 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Локомотив Будапешт ФК ойыншылары Санат:Гонвед ФК ойыншылары Санат:Гонвед ФК жаттықтырушылары