Квинси Антон Промес (; 4 қаңтар 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/182381, ) — нидерландылық футболшы, "Спартак" футбол клубы мен Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы "Твенте" футбол клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын осы клубта бастап, 2014 жылы Мәскеудің "Спартагына" ауысты. "Спартакта" төрт маусым доп тепті де, 2017 жылы Ресей чемпионы атанды. Осы маусымда Ресей чемпионатындағы таңдаулы 33 футболшының тізіміне қосылдыhttp://rfs.ru/main/news/rfs_news/86516.html .

2017 жылы күзде Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын Беларусь құрамасына қарсы ойында соқтыhttp://int.soccerway.com/matches/2016/10/07/europe/wc-qualifying-europe/netherlands/belarus/2116186/.

2018 жылы жазғы ауысымдардың соңғы тәулігінде (31 тамыз) "Севильяға" өтті. Арада екі күн өткен соң жаңа клубындағы тұңғыш ойынына қатысты ("Бетис" клубына қарсы).

2018 жылы 19 қарашада Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің соңғы турында Германиямен ойында есепті теңестіріп (2:2), құраманы плей-офф кезеңіне алып шықты.

Жетістіктері

Командалық «Спартак» (М)

Ресей чемпионы — 2016/17 Ресей чемпионатының қола жүлдегері — 2017/18 Ресей суперкубогы — 2017 "Аякс" Нидерланд суперкубогы: 2019 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:4 қаңтарда туғандар Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Твенте ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары