Вадим Павлович Егошкин (4 мамыр 1970, Камчатка облысы, РСФСР, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында үш кездесуде алаңға шыққан.

Карьерасы Ресей Федерациясының Камчатка облысында дүниеге келген. Карьерасын КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнайтын Алматының СКИФ клубында бастады. СКИФ сапында екі жыл ойнап, "Қайратқа" ауысты да, жоғары лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бірақ Сергей Бураков, Сергей Чекмезовтардың көлеңкесінде қалып кетіп, алаңға көп шыға алмай, 1990 жылы қайтадан екінші лигадағы "Жетісуға" ауысты. Тек 1991 жылы ғана "Қайраттың" негізгі қақпашысы атана алды.

Одақ тараған соң Қазақстан және Ресей клубтарында ойнады.

Ұлттық құрама сапында 1992-96 жылдары үш кездеуде ғана алаңға шықты.

Жетістіктері

Командалық

Қазақстан кубогы: 1993, 1995 Қазақстан чемпионы: 1995

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы footballfacts.ru

Санат:4 қаңтарда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Достық Алматы ФК ойыншылары Санат:Спартак Семей ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Алматы ФК жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары