Алессандро Неста (; 19 наурыз 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4171, Рим, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. Қазір "Фрозиноне" клубының бас бапкері. 2006 жылғы әлем чемпионы. 2000 жылғы Еуропа чемпионатының вице-чемпионы. 2003, 2007 жылдары Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы Италия құрамасының үздік үш қорғаушысының бірі (Паоло Мальдини және Фабио Каннаваромен бірге). ФИФА-100 тізіміне енген 125 футболшының қатарында бар.
Мансабы Карьерасын 1993 жылы "Лацио" сапында бастады. Үш жылдан соң Италия Ұлттық футбол құрамасына шақыру алып, сол жылы Атлантадағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты. Неста құраманың барлық кездесуінде алаңға шықты.
1999 жылы Лацио УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды да, финалдан соң Неста капитан ретінде кубокты басына көтерді. Неста осы турнир тарихында кубокты төбесіне көтерген соңғы капитан ретінде тарихта қалды.
2002-12 жылдары "Милан" сапында тұрақты өнер көрсетті. Мұнда Паоло Мальдинимен тізе қосып, клубтың қорғанысы күшейді де, "Милан" ұлы командалар қатарына қайта қосылды. Нәтижесінде 2003-07 жылдары Чемпиондар Лигасының финалына үш рет шықты да, екеуінді қарсыластарынан басым түсті. Бұл кезең миландық клубтың тарихында ең мықты қорғаныс шебімен есте қалды.
Осы аралықта Неста 2006 жылы әлем чемпионы атанды.
2012 жылы 13 мамыр күні "Милан" сапындағы соңғы ойынын "Новара" клубына қарсы өткізді.
Кейін Канаданың "Майами", Үндістанның "Ченнай" клубтарында доп тепті.
Жетістіктері
Командалық
Италия чемпионы: 1999/00, 2003/04, 2010/11 Италия кубогы (2): 1997/98, 1999/00, 2002/03 Италия суперкубогы (2): 1998, 2000, 2004 Кубок иелерінің кубогы: 1998/99 УЕФА суперкубогы: 1999, 2003, 2007 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007
Канада чемпионы: 2013
Үндістан чемпионы: 2014
Еуропа чемпионыU-21: 1996 Еуропа вице-чемпионы: 2000 Әлем чемпионы: 2006 года
Жеке
Италияның үздік жас футболшысы: 1998 Италияның үздік қорғаушысы (4): 2000, 2001, 2002, 2003, Еуропа чемпионатының символикалық құрамы: 2000 ФИФА 100
Қатысқан турнирлері
Әлем чемпионаты: 1998, 2002, 2006 Еуропа чемпионаты: 2000, 2004 Жазғы Олимпиада ойындары: 1996 Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты: 1996
Жеке өмірі 2007 жылы 7 мамыр күні Габриэле Пьяноцци үйленді. Үш баласы бар: София, Томмазо, Анджелика. Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:19 наурызда туғандар Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Перуджа ФК жаттықтырушылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары