Сунил Четри (; 3 тамыз 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/64601, Секундерабад) — үндістандық футболшы, шабуылшы. 2005-2024 жылдаРЫ Үндістан Ұлттық футбол құрамасында ойнады. Екі рет Азия кубогына (2011 және 2019) қатысып, екеуінде де гол соқты.

Карьерасында бірыңғай Үндістан клубтарында ойнады. 2011 жылы АҚШ-тың "Канзас Сити" клубына ауысқанымен, бір кездесуде де алаңға шықпай, үндістанға қайта оралды. Бір жылдан соң (2012 жылы) Португалияның "Спортинг" клубына да шақыртылды, бірақ бұл жолы да негізгі құрамға іліге алмай, тек "Спортингтің" ізбасарлар құрамында ғана доп тебуге мәжбүр болды да, оған қанағаттанбаған Четри Үндістанға қайта келді.

Жетістіктері

Командалық

AFC Challenge Cup (1): 2008 АФК Кубогының финалисі: 2016 Үндістан чемпионы: 2010, 2013

Жеке

Үндістанның үздік футболшысы: 2007

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:3 тамызда туғандар Санат:Үндістан футболшылары Санат:Үндістан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спортинг Канзас-Сити ФК ойыншылары Санат:Мумбаи Сити ФК ойыншылары