Аппаз — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қайнарбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 49 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1237 1054 769 73 549 408 74,3 505 361 71,5
Тарихы 1963 жылы Аппаз ауылы Жамбыл атындағы ұжымшардың негізінде ұйымдастырылған Жамбыл атындағы кеңшардың орталық мекені болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қой өсіру, дәнді дақылдар өсіру болды. 1953-55 жылдары осы кеңшар жері кішірек 9 ұжымшардан іріленіп құрылған. Олар: Жаңаталап, Бірлік, Көктал, Ұзынтал, Қайнарбұлақ, Теңдік, Екпінді, Тоғыз. Округтің елді мекендерінде (Аппаз, Жалпақшілік, Саз, Орталық, Милыбұлақ ауылдары) 3 мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, отбасылық амбулатория, пошта, АТС және тұрмыстық мекемелер бар. Округ жерінде қоғам қайраткері, заң магистрі Ж. Ақбаев, халық жазушысы Ә. Әбішев туған. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Көне ескерткіштен Аппаз-Төре мазары бар. Ауылдық округ орталығынан 8 км жерде Милыбұлақ көне қонысы орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері