Лейлек ауданы () — Қырғызстанның Баткен облысындағы үш әкімшілік ауданның бірі. Ауданның әкімшілік орталығы — Раззақов қаласы.
Географиясы Шығысында Баткен облысының Баткен ауданымен, солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде — Тәжікстанмен шектеседі. Қырғызстанның ең батыс ауданы.
Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы бойынша қырғыздар ауданның 116 861 тұрғынының 77 468 адамын құрайды (немесе 66,3 %), өзбектер — 31 386 адам немесе 26,9 %, тәжіктер — 7 720 адам немесе 6,6 %, татарлар — 126 адам немесе 0,1 %, басқалары — 161 адам немесе 0,1 %.
Елді мекендері Лейлек ауданы құрамына 9 айылдық (ауылдық) округ (соның ішінде 39 айыл) кіреді:
Ақсу айылдық округі — Ақсу а. (орталығы) Бескент айылдық округі — Бескент а. (орталығы) Марғұн айылдық округі — Марғұн а. (орталығы) Жаңажер айылдық округі — Центральное а. (орталығы) Лейлек айылдық округі — Қорған а. (орталығы) Қатраң айылдық округі — Қатраң а. (орталығы) Құлынды айылдық округі — Құлынды а.(орталығы) Сүмбіле айылдық округі — Андарақ а. (орталығы) Тоғызбұлақ айылдық округі — Тоғызбұлақ а.(орталығы)
Дереккөздер
Сілтемелер
Облыстың экономикалық картасы
Санат:Лейлек ауданы