Шошанай — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, округ орталығы Сүмбе ауылынан батысқа қарай 6 км жерде, Шошанай өзенінің бойында, тау алды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен735732 650 88,8 381 352 92,4 351 298 84,9

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезеңінде қаланған. 1932-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысқан ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы Шошанайда шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері