Шавкат Расулович Саломов (; 13 қараша 1985, Бұхара, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. Өзбекстан құрамасының экс-ойыншысы.

Карьерасы

Клубтық 2007 жылы "Курувчи" (Сол жылы аты "Бунедкор" деп өзгертілді) Өзбекстан жоғары лигасына жолдама алды да, Өзбекстандағы бар мықты футболшыларды құрамына жинады. Шавкот Саломов та командаға шақыртылды. Нәтижесінде "Бунедкор" Өзбекстандағы ең мықты клубқа айналды. Шавкот 2011 жылға дейін Өзбекстандағы барлық мүмкін болған жүлдені иеленді.

2010 жылы бір маусым "Насафқа" жалға берілді.

2013 жылы Қазақстанға келіп, "Жетісуда" ойнады.

2014 жылы Қарағандының "Шахтерында" бір маусым доп тепті.

2016 жылы Өзбекстанға қайта келіп, "Алмалықта" ойнады да, келесі маусымда туған клубы "Бұхараға" оралды.

Жетістіктері

Командалық

«Бунёдкор»

Өзбекстан чемпионы (3): 2008, 2009, 2011 Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2012 Өзбекстан кубогы (2): 2008, 2012 Өзбекстан кубогының финалисі: 2009 Барлығы 5 жүлде

«Насаф»

Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2010

"Атырау"

Қазақстан кубогының финалисі: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі ("Шахтер" ФК сайтында)

Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бұхара ФК ойыншылары Санат:Бунедкор ФК ойыншылары Санат:Насаф ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Алмалық ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары