Андре Онана (; 2 сәуір 1996 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/234509, Нкол Нгок) — камерундық футболшы, Камерун Ұлттық футбол құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қақпашысы.

Карьерасы Андре Камерундағы Самюэль Это'о ашқан академияның түлегі. 2010 жылы "Барселона" жастар клубына қабылданып, сонда ер жетті. 2015 жылы "Аяксқа" шақырылды да, кейін "Йонг Аякс" ("Аякстің" фарм клубы) командасында тәжірибе жинақтады. 2016/17 жылғы маусымнан Нидерландының жоғары лигасында (Эредивизия) ойнай бастады.

Камерун Ұлттық құрамасына 2016 жылы шақыртылды. 2017 жылы Ресейде өткен Конфедерациялар кубогында ойнады.

2022 жылдың 1 шілдесінде Андре Онана итальяндық "Интернационале" клубына ауысып, бес жылдық келісімшартқа қол қойды. 2022/23 маусымында ол қара-көктерге Италия суперкубогынhttps://www.legit.ng/sports/football/1607642-inter-milan-goalkeeper-andre-onana-reacts-super-cup-triumph/ және Италия кубогынhttps://www.legit.ng/sports/football/1607663-video-andre-onana-dumfries-display-brotherly-dance-coppa-italia-win/ жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасыныңhttps://www.bbc.co.uk/sport/africa/65823094 финалына шығуға көмектесті.

2023 жылдың 20 шілдесінде Андре Онана ағылшындық Манчестер Юнайтед клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойдыhttps://www.independent.co.uk/sport/football/andre-onana-transfer-manchester-united-b2379123.html.

Жетістіктері Клубтық «Аякс» Нидерланд чемпионы (3): 2018/19, 2020/21, 2021/22 Нидерланд Кубогының жеңімпазы (2): 2018/19, 2020/21 Нидерланд Суперкубогының жеңімпазы: 2019 УЕФА Еуропа Лигасының финалисты: 2017

«Интернационале» Италия Кубогының жеңімпазы: 2022/23 Италия Суперкубогының жеңімпазы: 2022 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисты: 2023

«Манчестер Юнайтед» Англия Кубогының жеңімпазы: 2023/24

Статистикасы

Клубтық статистика Деректер 2024 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша КлубМаусымЛигаКубокЕурокубокБасқа даБарлығыЛигаОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолЙонг Аякс2014/15Бірінші дивизион13-23——————13-232015/1624-41——————24-412016/172-2——————2-2Барлығы39-66——————39-66Аякс2016/17Эредивизи32-200014-16——46-362017/1833-321-14-7——38-402018/1933-284-118-17——55-462019/2024-213-511-111039-372020/2120-15006-7——26-222021/226-10202-2——10-12Барлығы148-12610-755-6010214-193Интернационале2022/23Италия А сериясы24-243-113-111041-36Барлығы24-243-113-111041-36Манчестер Юнайтед2023/24Премьер-лига38-587-106-150051-832024/256-8001-11-18-10Барлығы44-667-107-161-159-93Барлығы255-28220-1875-873-1353-388

Ұлттық құрама статистикасы Ұлттық құрамаЖылОйындарГолдарКамерун Ұлттық футбол құрамасы2016102017102018602019802020202021202022140202330202470Барлығы440

Отбасы Немере ағасы — Фабрис Ондоа да қақпашы, Камерун Ұлттық футбол құрамасы мен латвияның РФМ клубында ойнайды.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (ajax.nl)

Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары