Амин Юнес (; 6 тамыз 1993 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/96167, Дюссельдорф, Германия) — германиялық футболшы, тегі ливандық мұсылмандардан, Германияда дүниеге келген. Германия Ұлттық футбол құрамасы мен "Наполи" клубының жартылай қорғаушысы. 2017 жылғы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы.

Карьерасы Карьерасын "Боруссия Менхенгладбах" клубында бастады. Бундеслигадағы дебюті 2012 жылы 8 сәуірде "Ганновер-96" клубына қарсы ойында өтті, тұңғыш голын 2013 жылы ақпанда ғана "Боруссия Дортмунд" қақпасына соқты.

Кейін ойын практикасын жиілету үшін "Кайзерслаутерн" клубына жалға берілді. Аренда мерзімі біткен соң 2015 жылы "Аякспен" келісім шарт жасасты. "Аякс" сапында УЕФА Еуропа Лигасының финалына дейін жетті.

2018 жылы "Наполиге" ауысты.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2017 жылы 6 маусымда алаңға шықты. Соның артынша басталған Конфедерациялар кубогына қатысып, жартылай финалда Мексиканың қақпасына бір доп енгізді. Бұл ойын 4:1 есебімен немістердің жеңісімен аяқталды.

Жетістіктері

Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2017 УЕФА Еуропа Лигасының финалисі: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (sscnapoli.it)

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Кайзерслаутерн ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары