Джозеф Фабрис Ондоа Эбого (; 24 желтоқсан 1995 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/220999, Яунде) — камерундық футболшы, қақпашы. Камерун Ұлттық футбол құрамасы мен "Остенде" клубының қақпашысы. 2017 жылғы Африка чемпионы.
Карьерасы
Клубтық Самюэль Это'о футбол академиясының түлегі.
Балалық шағында-ақ "Барселона" клубының мектебіне ауысты. Есейген соң "Барселонаның" екінші клубына қабылданғанымен, негізгі құрамда тұрақтай алмай, Испанияның төменгі лигаларында ойнайтын "Химнастик", "Севилья Атлетико" секілді клубтардың намысын қорғап жүрді.
2018 жылы Бельгияның "Остенде" клубына өтті.
Ұлттық құрама Ұлттық құрамаға 2012 жылы 16 жасында-ақ шақырылды. Бірақ тұңғыш ойынын 2014 жылы 6 қыркүйекте Конго ДР құрамасына қарсы өткізді.
2015 жылы Африка Ұлттары кубогыне қатысты. Фабрис топтық турнирдегі үш ойында да алаңға шықты, бірақ құрама топтан шыға алмады.
2017 жылы құрамамен бірге Африка Ұлттары кубогында топ жарды.
Жетістіктері
Халықаралық
Камерун
Африка чемпионы (1): 2017
Жеке
Африка Ұлттары кубогының символикалық құрамасы: 2017
Дереккөздер
Сілтемелер National Football Teams Zerozero
Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары