Соқыржылан () – өзі аттас туысқа жататын ұсақ жылан. Қазақстанда Маңғыстаудың тасты шатқалдарында ғана кездеседі. Денесінің ұзындығы 30 – 35 см, құрт тәрізді, басы мен құйрығы денесінен бөлінбеген. Құйрығы қысқа, жуан, ұшында өткір қылтаны болады. Көзі терісінің астында орналасқан. Төменгі жағында жұп тістері болады. Жамбас сүйегінің қалдығы сақталған. Негізінен жер астында тіршілік етеді. Жер бетіне жаңбырдан кейін шығады. Күн көзіне шықпайды, себебі денесіне күн тисе, 10 – 15 мин-тан кейін өліп қалады. 2 – 6 ұзынша жұмыртқа салады. Негізгі қорегі – ұсақ омыртқасыздар (құмырсқалар, термиттер және олардың дернәсілдері мен қуыршақтары). Залалсыз жылан, адамды шақпайды.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Соқыржыландар