Армандо Садику (; 27 мамыр 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/140082, Эльбасан, Албания) — албаниялық футболшы, Албания Ұлттық футбол құрамасы мен "Лугано" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық Карьерасын 2009 жылы албаниялық "Грамози" клубында бастады. Одан кейінгі он жыл көлемінде бірнеше рет клуб ауыстырды, көбіне Швейцария командаларында ойнады. Тек 2017-19 жылғы аралықта Польшаның "Легия" және Испанияның "Леванте" команжаларында ойнап, 2019 жылы "Луганоға" қайта оралды.
Ұлттық құрамада Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2012 жылы 29 ақпанда Грузияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
Албания құрамасы өз тарихында тұңғыш рет 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды да, Армандо да турнирге қатысып, соңғы турда Румынияның қақпасына құраманың тұңғыш әрі осы турнирдегі жалғыз голын соқты. Және осы жалғыз гол құрамаға халықаралық турнирлердегі тұңғыш жеңісін сыйлады. Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Албания футболшылары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эльбасани ФК ойыншылары Санат:Локарно ФК ойыншылары Санат:Лугано ФК ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары Санат:Вадуц ФК ойыншылары Санат:Легия ФК ойыншылары Санат:Леванте ФК ойыншылары