Стефан Тон Маринович (; 7 қазан 1991https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/120619, Окленд, Жаңа Зеландия) — жаңа зеландиялық футболшы, Жаңа Зеландия Ұлттық футбол құрамасы мен "Бристоль Сити" клубының қақпашысы.

Карьерасы

Клубтық "Уайтайкере Юнайтед" клубының түлегі. Карьерасын 2009 жылы Германияның үшінші лигасында ойнайтын "Веен" клубында бастаған. Кейін де Германияның бірнеше клубында ойнап, 2017 жылы Канаданың "Ванкувер Уайткэпс" клубына ауысты.

2019 жылы жазда Англияның "Бристоль Сити" клубына ауысты.

Ұлттық құрама 2015 жылы 31 наурыз күні Корея Республикасымен өткен жолдастық кездесуде тұңғыш рет Жаңа Зеландия құрамасы сапында алаңға шықты.

2016 жылы ОФК Ұлттар кубогына, 2017 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.

Жетістіктері

ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2016

Дереккөздер

Сілтемелер soccerway сайтындағы профилі

Санат:Жаңа Зеландия футболшылары Санат:Жаңа Зеландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Уаитакере Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Мюнхен 1860 ФК ойыншылары Санат:Ванкувер Уайткэпс ФК ойыншылары Санат:Бристоль Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан Океания чемпиондары