Соловец аралдары – Солтүстік Мұзды мұхиттың Ақ түбегі бен Онега кірмесінің аралығындағы аралдар тобы. Аумағы 347 км². Жағалауы күшті тілімделген. 6 аралдан (ірілері – Соловец, Анзер, Үлкен Муксалма, Кіші Муксалма) тұрады. Гранит пен гнейстен түзілген. Жер бедері қырқалы ( биіктігі 107 м). Басым бөлігі қарағайлы-шыршалы орман, батпақты болып келеді. 500-дей көл бар, оның біразы каналдармен жалғастырылған. Соловец монастры кешені Соловец аралдарында (16 – 19 ғ.) орналасқан. 1974 жылдан бастап мемлекеттік тарихи-архитектуралық және табиғи музей қорығына айналдырылды. Туризм дамыған.
Санат:Соловец аралдары