Көкжыра – Қараөзен аңғарындағы сор. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Саралжын ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан.

Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доғаланып 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Сордың орта және шет бөліктерін төбелі қырқалар қоршаған. Сор жағалауында Құлын, Әке, т.б. көптеген жайлаулар орналасқан. Батысында Баяр (Бояр), Батпақ, Бастау сорлары бар.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Батыс Қазақстан облысы

Санат:Жаңақала ауданы географиясы Санат:Сорлар