Клаудио Андре Мерген Таффарел (; https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5855, Санта-Роза, Бразилия) — бразилиялық футболшы, қақпашы. 1994 жылғы әлем чемпионы.

Үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1990, 1994, 1998).

Мансабы Карьерасын 1985 жылы "Интернасьонал" клубында бастады. 1990 жылғы әлем чемпионатынан соң Еуропаға жол алып, "Парма" сапына қосылды. 1990/91 жылғы маусымда Таффарел 34 кездесуде алаңға шықты. Келесі маусымда Италия кубогының иегері болды да, еурокубоктерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

1993 жылы УЕФА кубогының иегері атанды. Осы жетісстіктен соң "Реджана" клубына ауысты.

1994 жылғы әлем чемпионатынан соң отанына оралып, "Атлетико Минейро" сапында төрт маусым ойнады. 1998 жылы "Галатасарайға" ауысты.

2003 жылы карьерасын аяқтап, біраз жылдар бойы "Галатасарайдың" бапкерлер штабында жұмыс жасады.

Жетістіктері

Командалық Парма

Италия кубогы: 1992, 2002 УЕФА Кубогы: 1993

Атлетико Минейро

Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1995 КОНМЕБОЛ кубогы: 1997

Галатасарай

Түркия чемпионы: 1998/99, 1999/00 Түркия кубогы: 1999, 2000 УЕФА кубогы: 2000 УЕФА Суперкубогы: 2000

Бразилия құрамасы

Әлем чемпионы (20): 1985 Панамерикан ойындарының жеңімпазы: 1987 Америка кубогының жеңімпазы: 1989, 1997 Әлем чемпионы: 1994

Жеке

Бразилияның үздік футболшысы: 1988 1994, 1998 жылғы әлем чемпионаттарының символикалық құрамына енген

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы (rsssf.com)

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Реджана ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері