Жереми Нжитап (; 20 желтоқсан 1978https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3374, Бафусам) — камерундық футболшы, жартылай қорғаушы. 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Мансабы Кәсіпқой карьерасын 1995 жылы Камерунның "Расинг" клубында бастады. 1996 жылы Парагвайдың "Серро Портеньо" клубына ауысты. Бір маусымнан соң Түркияның "Генчлербірлігі" клубына келді.
1999 жылы "Реал Мадридке" ауысып, 2002 жылы "Мидлсброға" арендаға кеткенше негізгі құрамнан түскен жоқ. 2003 жылы "Челсиге" өтіп, төрт маусым өнер көрсетті. Командаға "Портудан" Паулу Феррейра келген соң негізгі құрамдағы орны үшін біраз күресуге тура келді.
2007 жылы "Челсимен" келісім шарты аяқталып, "Ньюкасл Юнайтедке" еркін агент ретінде ауысты.
Жеті бірдей Африка Ұлттары кубогына (1998, 2000, 2002, 2004, 2006, 2008 және 2010) қатысты. Сондай-ақ, 1998, 2002, 2010 жылдары әлем чемпионатына да қатысты.
Жетістіктері Реал Мадрид
Испания чемпионы 2000/01 УЕФА Чемпиондар лигасы: 1999/00, 2001/02
Челси
Англия чемпионы: 2004/05, 2005/06 Ангглия кубогы: 2006/07 Англия лига кубогы: 2004/05, 2006/07 Англия суперкубогы: 2005
Камерун құрамасы
Олимпиада чемпионы: 2000 Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2000, 2002 Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2008 Конфедерациялар кубогының финалисі: 2003
Дереккөздер
Сілтемелер «Ньюкасл Юнайтед» ФК сайтындағы профилі Профилі (Footballdatabase) Әлем футболшылары сайтында
Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Бафусам ФК ойыншылары Санат:Серро Портеньо ФК ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Мидлсбро ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Анкарагүджү ФК ойыншылары Санат:Лариса ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Футболдан Африка чемпиондары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Камерун Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары