Йозеф Хюги (; 23 қаңтар 1930 жыл, Риэн, Базель-Штадт, Швейцария — 16 сәуір 1995 жыл, Базель, Швейцария) — швейцариялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы Швейцария Ұлттық футбол құрамасы сапында 1954 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Чемпионаттың ширек финалында Аустрияның қақпасына үш гол соқты, бірақ Швейцария 5:7 есебімен ұтылып қалды. Жалпы, құрама сапында 34 кездесу өткізіп, 23 гол соқты. Әлі күнге дейін Швейцарияның әлем чемпионаттарындағы мерген футболшысы (6 гол).
Карьерасының басым бөлігін "Базель" сапында өткізген. 14 маусым ойнап, үш маусымда Швейцария чемпионатының үздік мергені атанды.
1962 жылы "Базельден" кетіп, "Цюрих", "Поррантюри", "Лауфен" клубтарында ойнады, бірақ ешқайсысында бір жылдан артық ойнаған жоқ.
Жетістіктері
Командалық
«Базель»
Швейцария чемпионы: 1953 Швейцария чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1949, 1950
Жеке
Швейцария чемпионатының үздік мергені (3): 1952, 1953, 1954
Дереккөздер
Сілтемелер Әлем футболшылары: Йозеф Хюги
Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Базель ФК ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары