Мартон Эппель (; 26 қазан 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/109197, Будапешт, Мажарстан) — мажарстандық футболшы, Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы МТК клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 2009 жылы осы клубта бастады. 2011 жылы Нидерландтың НЕК клубына ауысты. 2013 жылы өзінің туған клубына жалға берілді.

2016 жылы "Гонвед" клубымен келісім шарт жасасты. Алғашқы маусымда Мажарстан чемпионы атанды және маусым үздік мергені номинациясын иеленді.

2018 жылы жазда "Қайратқа" ауысты. УЕФА Еуропа Лигасының іріктеуінде Алматыда "Энгордань" қақпасына покер жасады, бұл ойында "Қайрат" 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

«Гонвед»

Мажарстан чемпионы: 2016/2017 Мажарстан чемпионатының үздік мергені: 2016/2017 (16 гол)

«Кайрат»

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018 Қазақстан кубогы: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:МТК ФК ойыншылары Санат:НЕК ФК ойыншылары Санат:Пакш ФК ойыншылары Санат:Гонвед ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары