Октавио Дарио Родригес Пенья (; 17 қыркүйек 1974https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/2699, Монтевидео) — уругвайлық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы Карьерасын 1994/95 жылғы маусымда "Суд Америка" клубында бастады.

1995-96 жылдары Мексиканың "Толука" клубында доп тепті.

1997 жылы отанына оралып, "Белья Виста" клубының қатарын толықтырды.

1999-2002 жылдары Уругвайдағы гранд клубтардың бірі "Пеньяролда" ойнады.

2000 жылы тұңғыш рет Уругвай құрамасы сапында ойнады. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бірінші турда Данияның қақпасына гол соқты бірақ құрама 1:2 есебімен ұтылып қалды. Әлем чемпионатынан соң "Шальке 04" клубына ауысты. Гельзенкирхендік клуб сапында алты маусымдай ойнап, 2008 жылы "Пеньярольға" қайта келді.

2004 жылы Америка кубогына қатысты. 2007 жылғы Америка кубогында құраманың капитаны болды.

Жетістіктері

Уругвай чемпионы (3): 1999, 2009/10, 2012/13 Уругвай ІІ дивизионының жеңімпазы (1): 1997 Германия вице-чемпионы (2): 2004/05, 2006/07 Германия кубогының финалисі (1): 2005 Германия лига кубогы (1): 2005 Либертадорес кубогының финалисі (1): 2011 Интертото кубогының жеңімпазы (2): 2003, 2004

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Профилі

Санат:Монтевидеода туғандар Санат:Уругвай футболшылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Уругвай футбол жаттықтырушылары Санат:Суд Америка ФК ойыншылары Санат:Толука ФК ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК жаттықтырушылары