Ордатау – Сарыарқаның шығысында, Шыңғыстаудың солтүстігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданының орталығы – Қарауылдан солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. Ең биік жері – Ордатас тауы (1064 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Ордатау карбонның граниті мен гранодиоритінен түзілген. Беткейі көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады.

Климаты Климаты тым континенттік. Жылына 250 – 300 мм жауын-шашын түседі.

Өсімдігі Жусан, бетеге, тобылғы, қараған өседі. Баурайы мен беткейі – мал жайылымы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары