Рафаэль Алькантра ду Насименто, немесе Рафинья (; 12 ақпан 1993 жыл, Сан-Паулу, Бразилия) — испаниялық және бразилиялық футболшы, 1994 жылы әлем чемпионы атанған Мазиньоның ұлы, ағасы Тьяго Алькантара да футболшы.

Мансабы 2011 жылдан бері "Барселонаның" футболшысы саналғанымен, ара-тұра "Сельта", "Интернационале" клубтарына жалға берілді. 2013-14 жылғы маусымды "Сельтада" өткізді. 2014 жылы жазда "Барселонаға" қайта оралып, 2015 жылы мүмкін болған жүлделердің бәрін ұтты (Чемпиондар лигасы, Испания кубогы, Испания чемпионаты, УЕФА Суперкубогы).

2018 жылы қаңтарда "Интернационалеге" жалға беріліп, жазда "Барселонаға" қайта оралды.

2019 жылы 2 қыркүйекте тағы да "Сельтаға" жалға берілді.

Испанияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2013 жылы тарихи отаны құрамасында ойнауға бел буды, 2016 жылы Бразилия сапында Олимпиада чемпионы атанды.

Бразилияның басты құрамасында 2015 жылы екі ойын ғана өткізді.

Жетістіктері

Клубтық Барселона

Испания чемпионы (4): 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Испания кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Испания суперкубогы: 2018 Чемпиондар лигасы: 2014/15 УЕФА суперкубогы: 2015

Халықаралық Бразилия

Олимпиада чемпионы: 2016

Сілтемелер Профилі (fcbarcelona.com)

Санат:Испания футболшылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Бразилия Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары