«Олимпия» () — Словенияның Любляна қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Стожице" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 16 мың адам. 1945 жылы құрылған, 2004 жылы қаржы тапшылығынан жабылды да, 2005 жылы қайта құрылды.

Югославия дәуірінде Югославия жоғары лигасында ойнаған словендік жалғыз клуб.

Атаулары

NK Enotnost (1945–1948) NK Odred (1948–1961) NK Triglav (1961–1962) NK Olimpija (1962–2005) Олимпия (2005—)

Жетістіктері

Словения чемпионы (6): 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 2015/16, 2017/18 Словения кубогы (6): 1993, 1996, 2000, 2003, 2018, 2019 Словения суперкубогы (1): 1995 Югославия кубогының финалисі: 1970

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Словения футбол клубтары