Хамит Алтынтоп (; 8 желтоқсан 1982https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/1792, Гельзенкирхен, Солтүстік Рейн-Вестфалия, ГФР) — түркиялық футболшы, жартылай қорғаушы, Халил Алтынтоптың сыңары.

Карьерасы

Клубтық Германия футболының түлегі. 2008-11 жылдары "Баварияда" ойнап, екі дүркін Германия чемпионы атанды.

2011 жылы жазда "Реал Мадридке" ауысқанымен, қосалқы құрамда қап кетті де, бір маусымнан "Галатасарайға" өтті. Осылайша 30 жасында ғана тұңғыш рет тарихи отанында доп тепті.

Ұлттық құрама Түркия Ұлттық футбол құрамасы сапында 2008 жылғы Еуропа біріншілігіне қатысқан, чемпионаттың символикалық құрамына енген.

2010 жылы жылдың ең әдемі голына берілетін Ferenc Puskas Award жүлдесін ұтып алды. Ол голды 3 қыркүйекте Астанада Қазақстан құрамасының қақпасына соққан болатын.

Жетістіктері

Командалық

«Шальке 04»

Лига кубогы (2): 2005

«Бавария»

Германия чемпионы: 2007/08, 2009/10 Германия кубогы (2): 2008, 2010 Германия суперкубогы: 2010 Лига кубогы: 2007 УЕФА чемпиондар лигасының финалисі: 2009/10

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы: 2011/12

«Галатасарай»

Түркия чемпионы : 2012/13,2014/15 Түркия кубогы: 2013/14 Түркия суперкубогы: 2012

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты Профилі

Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары