Эрнесто Вальверде Техедор (, 9 ақпан 1964 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/150667, Виандар-де-ла-Вера) — испаниялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы "Алавес", "Эспаньол" клубтарының түлегі. Ересек шағында да осы клубтарда доп тепті. Бірақ ең титулды клубы — "Барселона". "Барселона" сапында Испания кубогы мен УЕФА Кубок иелері кубогын иеленді. "Барселонада" жүріп Испания ұлттық құрамасына шақырту алды, бірақ бір ғана кездесуде алаңға шықты.
2001 жылы бапкерлік карьерасын 1990-96 жылдары өзі ойнаған "Атлетиктен" бастады. Әуелі жастар клубын жаттықтырды, сосын негізгі команданың тізгінін ұстады.
2006 жылы "Эспаньол" тізгінін ұстап, УЕФА кубогының финалына шықты, бірақ тағы бір испаниялық клуб "Севильядан" ұтылып қалды.
2008 жылы "Олимпиакос" клубын жаттықтырып, алғашқы маусымда-ақ Грекия кубогы мен Грекия чемпионатында топ жарды, бұл оның бапкерлік жолыңдағы тұңғыш табыстары болатын. 2009/10 жылғы маусымда "Вильярреалды" жаттықтырғанымен, 2010 жылы жазда тағы да "Олимпиакосқа" оралып, қатарынан екі жыл Грекия чемпионы атанды.
2015 жылы "Атлетик Бильбаоның" бапкері ретінде Испанияның Суперкубогын жеңді.
2017 жылы жазда "Барселонаның" бапкері болды, 2ол қызметті 2020 жылдың қаңтарына дейін атқарды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
«Барселона»
Кубок иелері кубогы: 1988/89 Испания кубогы: 1989/90
Бапкер ретінде
«Олимпиакос»
Грекия чемпионы (3): 2008/09, 2010/11, 2011/12 Грекия кубогы (2): 2008/09, 2011/12
«Атлетик Бильбао»
Испания суперкубогы: 2015
«Барселона»
Испания чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Испания кубогы: 2017/18 Испания суперкубогы: 2018
Бапкер клубтары
13 қаңтар 2020
КомандаБастаған уақытыАяқтаған уақытыНәтижелерОЖТҰ%Атлетик Бильбао1 шілде 200321 мамыр 20058633223138,37Эспаньол26 мамыр 200626 мамыр 20089838283238,78Олимпиакос11 маусым 200825 мамыр 200947326968,09Вильярреал2 маусым 200931 қаңтар 2010321371240,63Олимпиакос8 тамыз 201030 маусым 2012806071375,00Валенсия3 желтоқсан 201220 маусым 201331177754,84Атлетик Бильбао1 шілде 201330 маусым 2017213101466647,42Барселона1 шілде 201713 қаңтар 202014597321666,90Барлығы73239115518653,42
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Мальорка ФК ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК жаттықтырушылары Санат:Эспаньол ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК жаттықтырушылары Санат:Вильярреал ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары