Адамзаттың алғашқы көшуі – адам түріне жататындардың ең ежелгі топтары алғаш Африкадан аттанып шығып, құрлық аттап көшуі және әлемге кең таралуы болып, Антарктиданы айтпағанда, дүниенің барлық жеріне жаппай қоныс тебуді бастауын білдіреді. Бұл көштің жалпы нобайы мен кейбір ерекшеліктері түрлі артефакттерге – табылған Қазындыларға, мәдени мұраларға, қоныс орындарына, DNA, және тілдердің таралуына негізделіп айқындалуда.

Қолда бар деректерге сүйенсек, адамзаттың арғы тегі хайуанат әлемінен шамамен 7 млн жыл бұрын бөлініп шыққан болса, ал шамамен 2 миллион жыл бұрын адам тектестердің бір түрі Һомо Еректус (Homo erectus) Левант каридоры арқылы Африкадан аттанып, жер шарының түкпір-түкпіріне тарала бастаған екен. Kuo, Lily (10 December 2017)."Early humans migrated out of Africa much earlier than we thought". Quartz. Retrieved 10 December 2017. Kuo, Lily (10 December 2017)."Алғашқы адамның Африкадан көшуі біз ойлағаннан ерте басталған". Quartz. Retrieved 10 December 2017.

Шамамен 500 000 жыл бұрын Һомо Хейдельберг (Homo heidelbergensis) осы алғашқы көшке іесіп көшіпті. Олар әдетте Денисовандықтар (Denisovan) мен Һомо Неандерталдың (Neanderthal ) арғы ата-бабасы деп есептеледі. Алғашқы адамтектестер «құрылықтардың кейін су басқан көпірлерінен өткен» делінеді. (History Alive, pub. 2004, TCI)

Африканың өзінде Һомо Сапиенстер (Homo sapiens) өзінің қалыптасу кезеңінде, яғни шамамен 300 000 жыл бұрын бөлшектене бастайды.journal Schlebusch: Southern African ancient genomes estimate modern human divergence to 350,000 to 260,000 years ago. journal Science, November 2017, pages 652–655. https://science.sciencemag.org/content/358/6363/652.full https://science.sciencemag.org/content/sci/early/2017/09/27/science.aao6266/F3.large.jpg journal Stringer: What makes a modern human. Nature, 2012 pages 33–35 Қазір кең таралған «Адамзаттың Африкадан басталу теориясы» парадигмасы бойынша, Һома Сапиенстердің ұрпағы делінетін анатомиялық мағынадағы Қазіргі адам Щығыс Африкадан шамамен 70 000-50 000 жылдар бұрын аттанып шығып, 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік теңіз жағалауын бойлай Океанияға дейін барған. Сондай-ақ Қазіргі адам шамамен 40 мың жыл бұрын Еуропаға тарала бастайды. Zimmer, Carl (4 July 2017). "In Neanderthal DNA, Signs of a Mysterious Human Migration". New York Times. Retrieved 4 July 2017. Posth, Cosimo; et al. (4 July 2017)."Deeply divergent archaic mitochondrial genome provides lower time boundary for African gene flow into Neanderthals". Nature Communications.doi:10.1038/ncomms16046. Retrieved4 July 2017.

Алғашқы еуразиялық Һомо Сапиенстердің қазындылары Израильден, Грекиядан табылды, олардың уақыты шамамен 194 000-177 000 және 210 000 жылдар арасы. Бұл қазындылар алғашқы Һомо сапиенстердің сәтсіз талпынысын білдірсе керек, оларды бәрібір кейінірек жергілікті неандерталдар бағындырады.

Көшкен Қазіргі адам көбінесе жергілікті түрлі Архаикалық адамдармен бірігіп кеткен болып, олардың Архаикалық адамдар арасындағы үлес салмағы он пайыздан төмен болыпты. Ежелгі адамдардың араласып, бірігіп кетуі Еуропа мен Азияда (неандерталдармен) және оңтүстік Азия мен Меланезияда (Денисовандармен), сондай-ақ батыс және Оңтүстік Африкада болған. Араласу салыстырмасы жеріне қарай әртүрлі, бірақ бәрінде бірдей Қазіргі адамның үлесі 10 пайыздан төмен болған: Еуразияда шамамен 1-4%, Меланезияда шамамен 4–6% ғана. Admixture of an unknown archaic hominin in Sub-Saharan African hunter-gatherer popultations was estimated at about 2% (Hammer et al. (2011)).

Соңғы мұздық максимумынан кейін Солтсүтік Еуразия халқы Америка құрлығына 20 000 жыл бұрын қоныс аударады. Ал, солтүстік Еуразияның өз халқы 12 000 жыл бұрын, голоценнен кейін қоныстанады. Арктикалық Канада мен Гренландияға Палео-Эскимостар 4000 жыл бұрын жетіп барады. Полинезияға халық 2000 жыл бұрын Австралиялықтар кеңеюінің соңғы толқыны кезінде таралып қоныстанады.

Алғашқы адамдар (Һомо Сапиенстен бұрын)

Алғашқы адам тектестер шамамен 7 миллион жыл бұрын Хайуанаттардан бөлек түр ретінде дамығаны мәлім. Шамамен 3 миллион жыл бұрын Aвстралопитектерден эволюция жасаған болып, олар негізінен Шығыс Африка, әсіресе Кенияның жарқашты аңарында жасаған, ең ежелгі тас құралдар да сонда байқалды. Дегенмен, тас құралдар таяуда Қытайдың Шаңчың жағынан да табыла бастады. Қытайдағы бұл тас құралдардың жасы 2.12 миллион жыл болып, Африкадан тысқары жерде табылған Адамтектестер дерегінің ең ежелгісі ретінде 300 000 жыл болған Грузиядағы Дманиси қазындыларын басып озды.

Һомо Еректус 3, не 2 миллион жыл бұрын, һомолар (адам) шығыс және оңтүстік Африкаға таралады, бірақ олар әлі батыс Африкаға жетпеген болатын. Шамамен 1.9 миллион жыл бұрын, Һомо Еректус Африкадағы Левантин дәлізі арқылы көшіп, Африка мүйізіне (Сомали түбегі) және Еуразияға таралады. Бұл көшу Сахаралық сорғы (Saharan pump) деп аталатын 1.9 миллион жыл бұрынғы жағдайға қатысты дейтіндер бар.

Һомо Еректус ежелгі әлемнің барлық өңірлеріне шашырай таралған болып, оңтүстік Азияға дейін барады. Оның жайласуы Олдован тас өндірісіне байланысады, 1.3 миллион жыл бұрын оның ең солтүстігі 40-шы параллелге (Шығыс Азиядағы Сяо Чэнлян тас құралдары) дейін жеткен. Африка сыртындағы бұл алғашқы көшудің түйінді жерлері – Пәкістандағы Риват (~2 млн жыл?), Леванттағы Убеидия (1,5 млн) және Кавказдағы Дманиси (1,81 ± 0,03 млн, p = 0.05).

Ниуань бассейнінде табылған тас артефактілер бойынша Қытайға 1.66 миллион жыл бұрын адам тектестер қоныстана бастаған.R. Zhu et al. (2004), New evidence on the earliest human presence at high northern latitudes in northeast Asia. Шаньси провинциясындағы Сихоуду (Xihoudu) археологиялық орны шамамен 1.27 миллион жыл бұрын Һомо Еректус отты қолданған орын есептеледі.

Оңтүстік-Шығыс Азияға (Ява) Һомо Еректус шамамен 1.7 миллион жыл жетіп барған (Meganthropus), ал Батыс Еуропаға алғаш шамамен 1.2 миллион жыл бұрын қоныстануды бастады. (Atapuerca).

Роберт Дж. Беднарик (Robert G. Bednarik) һомо Еректус сал қайықтар жасап теңізде жүзген деген қайшылықтылау пікір ұсынады.ScienceNews summary

Һомо Еректустан кейін

1 миллион жыл бұрын Һомо Еректус бөлшектеніп, жаңа адам түрлеріне бөліне бастады. Һомо Еректус уақыттық тіршілік түрі болды, бірақ жойылып кеткен жоқ, оның «кейінгі жалғасымы» таксономиалық конвенция мәселесі. Һома еректсутың кейінгі формалары кем дегенде шамамен 0.5 миллион жылдан 143 000 жылға дейін өмір сүрді деп есептеуге болады. Олар шамамен 800 000 жыл бұрын Еуропада Һомо антесессор және шамамен 600000 жыл бұрын Африкада Һомо Хейдельберг деп жіктелген түрлерді құрады. Һомо Хейдельбергтердер кейін Һомо Родезиялар (Homo rhodesiensis) пайда болған бүкіл шығыс Африка мен кейін Һомо Неандерталдар мен Һомо Денисовандар пайда болған Еуразияға кең таралды.

Һомо Хейдельбергтер, Һомо Неандерталдар және Денисовандар 50-ші параллелдің солтүстік сыртына кеңейді. Оралдағы Коми Республикасының Бызовая учаскесіндегі 2011 жылғы қазба жұмыстары бойынша, Һомо Сапиенстердің алғашқы қоныстанушыларына орын босатқан Неандерталдар 32 000 жыл бұрын Арктика шекарасына дейін жетіп барады.

Табылған Қазындылар жеткіліксіз болса да, басқа Архаикалық адам түрлері бүкіл Африкаға осы мезгілдерде кең таралды деуге болады. Олардың пайда болуы Африкалық популяциялар геномынан байқалған Қазіргі адаммен араласу іздері арқылы түсіндіріледі.journal: Lachance J. Vernot, B. Elbers, C.C. Ferwerda, B. Froment, A. Bodo, J.M. Evolutionary History and Adaptation from High-Coverage Whole-Genome Sequences of Diverse African Hunter-Gatherers, journal, 2012, pages 457–469, 2012.07.009 2013 жылы Оңтүстік Африкада байқалған, 300 000 жыл бұрын жасаған Һомо Наледилерді (Homo naledi) сондай Архаикалық адам түрлерінің қазба куәгері деуге болады.

Неандерталдар Таяу Шығыс пен Еуропаға таралды, ал Денисовандар Орталық Азия мен Шығыс Азияға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен океанияға кең таралды. Нақты деректер бойынша, Денисовандықтар Орта Азияда Неандертальдармен қою араласып, бірігіп кетеді.

Һомо Сапиенс Африкаға шашырай таралу

Һомо Сапиенс деген алғашқы адам түрі Мароккодағы Джебель Ирхудтан табылған артефакттер мен халдықтарға 2017 жылы термолюминесценциялы даталау жүргізу бойынша шамамен 300 000 жыл бұрын тарих сахнасына шыққан делінеді."Here we report the ages, determined by thermoluminescence dating, of fire-heated flint artefacts obtained from new excavations at the Middle Stone Age site of Jebel Irhoud, Morocco, which are directly associated with newly discovered remains of H. sapiens. A weighted average age places these Middle Stone Age artefacts and fossils at 315±34 thousand years ago. Support is obtained through the recalculated uranium series with electron spin resonance date of 286±32 thousand years ago for a tooth from the Irhoud 3 hominin mandible." Һома Сапиенске жатады делінетін Оңтүстік Африкадағы Флорисбадтан табылған Флорисбад бас сүйегінің жасы 259 000 жыл. Scerri, M.L., et al., "Did Our Species Evolve in Subdivided Populations across Africa, and Why Does It Matter?" Trends in Ecology & Evolution 33(8), August 2018, 582–594, . Ертеректе, 1967-1974 жылдар аралығында Эфиопиядағы Омо ұлттық паркінен қазып алынған Омо қалдығының жасы 200 000 жылға барады, ол ұзақ жыл бойы анатомиялық қазіргі адамның ең ежелгі қалдығы ретінде танылып келді.

2019 жылы қыркүйекте, ғалымдар 260 CT сканері негізінде компьютерлендірілген анықтау қорытындысын жариялады, онда соңғы ортақ адамзат тегінен қазіргі адам ең алғашқы түрі болған һомо сапиенске дейінгі виртуалды бас сүйек формалары сарапталып, қазіргі адам 260 000 мен 350 000 жыл аралығында Шығыс және Оңтүстік Африкадағы популяциялардың бірігуі арқылы пайда болған деп тұжырымдады.

2019 жылдың шілдесінде антропологтер Грекия оңтүстігіндегі Апидима үңгірінен 210 000 жылдық Һомо Сапиеністің қалдықтары табылғанын хабарлады. Бұл бұрын Еуропадан табылған Һома сапиенстерге қарағанда 150 000 жылдай ерте.

Алғашқы қазіргі адам пайда болғаннан бастап Батыс Еуразияға, Орталық, Батыс және Оңтүстік Африкаға кең таралады. Еуразияға қарай алғашқы кеңею жалғасын таппаған секілді, ал сол кезде Оңтүстік және Орталық Африкаға кеңею нәтижесінде адамзат қоныстанушыларының бөлшектенуі бастаған. Африканың Сахара Оңтүстігіндегі елдеріндегі алғашқы қазіргі адамның кеңеюі шамамен 130,000 жыл бұрынғы кейінгі Ашель (Acheulean, Форесмит, Fauresmith) мәдениетінің аяқталуына ықпал еткен секілді. Дегенмен 12 000 жыл бұрынғы уақытқа дейін жалғасқан археикалық және алғашқы қазіргі адамның кейінгі бірге тіршілік етуі туралы, әсіресе Батыс Африка туралы дау көп.