Бәшірова Жамал Рақымқызы (24 ақпан 1942, Өскемен қаласында дүниеге келген) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы 1959-1964 жылдар аралығында Қазақ қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті. 1964-1972 жылдары мектепте физика пәнінің мұғалімі. 1972-1976 жылдары ҚазССР Білім беру министрлігінде ғылыми қызметкер. 1976 жылы халыққа білім беру саласындағы жетістіктері үшін «ҚазССР халықтық білім беру, ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 1976-1984 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі.Әлқожаева Н. С. Сабақтастығы жарасқан орта / Н. С. Әлқожаева // ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикальқ ғылымдар сер. - Алматы, 2011. - № 1. - 12-15 б. 1984 жылы «Преемственность между школой и ПТУ в воспитании у учащихся коммунистического отношения к труду» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың доценті.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика ғылымы: тарих және қазіргі заман / А.К. Мьңбаева, Н. С. Әлқожаева, Г.А. Қасен, Ұ.Б. Телешова // Әл-Фараби атындағы КазҰУ педагогика кафедрасына 70 жыл. - Алматы, 2011. - 64 б. 1984-2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасында қызмет атқарды. 1987-1991 жылдар аралығында Республикалық педагогикалық оқулар секцияларының жұмысын басқарды. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - дың философия жэне саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының профессоры. 2004 жылы «Теоретические основы университетского образования в аспекте направленности на подготовку преподавателя высшей школы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1989-2004 жылдар аралығында жалпы және этникалық педагогика кафедрасының әдістемелік бюроның төрайымы. 2006-2009 жылдарда осы кафедраның «Жас ғалымдар мектебінің» жетекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың біріккен Д14 А 02.32 - әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдары бойынша докторлық дәреже тағайындайтын диссертациялык кеңестің мүшесі.
Ғылыми жетістіктері 1984 жылы «Преемственность между школой и ПТУ в воспитании у учащихся коммунистического отношения к труду» тақырыбында кандидаттық диссертация; 2004 жылы «Теоретические основы университетского образования в аспекте направленности на подготовку преподавателя высшей школы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 5 монография ("Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы"; "Жоғары мектепте педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі" және т.б.) 6 оқу құралы ("Педагогика", "Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы"; "Жоғары оқу орнында СӨЖ мен СОӨЖ ұйымдастыру жолдары" және т.б.) 4 тұжырымдама Ж.Р. Бәшірова Ресей және де басқа шетел ғалымдарымен (В.А. Мясников, Н.Н. Найденова, А.Н. Джуринский) Польшаның Плоцк қаласындағы халықаралық конференцияға қатынасып, сертификатқа ие болды.Садвакасова З.М. Верность профессии / З.М. Садвакасова, А.С. Сатывалдиева // Вести. КазНУ. Сер. пед. науки. - Алматы, 2010. - № 2-3 (30-31). - С. 182-187.
Жамал Рақымқызы университетте білім беруді реформалауға байланысты стратегиялық маңызды құжаттарды жасауға үнемі қатысады. Атап айтсақ, «Педагогика» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты, бағдарламасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие тұжырымдамасы және т.б.Әлқожаева Н. С. Ғылымға жол / Н. С. Әлқожаева // ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикальқ ғылымдар сер. - Алматы, 2010. - № 2-3 (30-31).- 187-188 б.
Ол «Педагогика», «Педагогиканы оқыту әдістемесі», «ЖОО педагогикалык пәндерді оқыту әдістемесі», «Тұлғааралык коммуникация теориясы», «Педагогикалық шеберлік», «Педагогтың коммуникациялық мәдениеті», «Педагогика ғылымының теоретикалық-әдіснамалық негіздері» және т.б. курстарды оқып, бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешенін құрастырды. Бәшірова Жамал Рақымқызы сабақтарын жоғары ғылыми педагогикалық деңгейде, жаңа технологияларды қолдана отырып өткізеді.http://elibrary.kaznu.kz/sites/default/files/biobibliographic_index/bashirova_j.r._biobibliografia_ukazatel_2012.pdf Бәшірова Жамал Рақымқызы // ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сер. - Алматы, 2010. - № 3 (25). - 142-144 6. Профессор Ж. Р. Бәшірованың реадакциялауымен шыққан еңбектер 1. Мектеп оқушыларының еңбекке дайындығын тәрбиелеу / / ауыл оқушыларын даярлаудың педагогикалық мәселелері / под ред . С. М. Мусин. - Алма-Ата, 1988.-С . 101-106.
2. Қоғамдық пайдалы өнімді ұйымдастырудағы оқушылардың еңбегі / / даярлаудың педагогикалық мәселелері/ под ред. С. М. Мусин, Н.Т. Жанаковой.-Алма-Ата, 1988.
3. Ауыл оқушыларын еңбек тәрбиесі / / ауыл оқушыларын дайындаудың педагогикалық мәселелері / ред.С. М. Мусин. - Алма-Ата, 1988.-С . 15-26.
Профессор Ж. Р. Бәшірованың жетекшілігімен қорғалған кандидаттық диссертациялар 1. Әлқожаева Н.С. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы имандылық идеялар: пед. тылымд. канд.... дис.: 13.00.01: қорғалған: 13.09.01 / Н. С. Әлқожаева. - Алматы: [б. ж.], 2001. - 138 б.
2. Телешова Ұ.Б. Оқушылардың танымдық қызыгушылықтарын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық: пед. тылымд. канд.... дис.: 13.00.01: қорғалған: 20.02.2004 / Ұ.Б. Телешова. - Алматы: [б. ж.], 2004. - 130 б.
3. Өтебаева Ә.Т. Ауыл мектебі оқушыларың рухани адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: пед. тылымд. канд.... дис. автореф.: 13.00.01: қорғалған: 11.05.07 / Ә.Т. Өтебаева. - Алматы, 2007. - 142 б.
4. Тойбаев А.Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологиясының теориялық негіздері (Қазақстан тарихы пәні мысалында): пед. ғылымд. канд.... дис.: 13.00.01: қорғалған: 29.09.08 / А.Ж. Тойбаев; ғылыми жетекшісі Н. С. Әлқожаева; Әл-Фараби атын. КазҰУ. - Алматы: [б. ж.], 2008. - 134 б.
5. Қашқынбаева 3. Оқыту үдерісінде оқушылардың ғылыми тілмен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру: пед. ғылымд. канд.... дис. автореф.: 13.00.01: қорғалған : 22.01.10 / 3. Қашқынбаева. - Алматы, 2010. - 29 б.
Марапаттары Халыкқа білім беру саласындағы жетістіктері үшін «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі; 2009 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалык грант иегері атанды.
Дереккөздер