Сәуле Диқанбаева Әлкейқызы (23 ақпан 1955 Қарағанды қаласы) - дәрігер - педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Кто есть Кто в Республике Казахстан. 2004-2006. Справочник. Алматы, 2006 - 996 с.. Ұлты — қазақ.
Өмірбаяны Әкесі - Диқанбаев Әлкей Диқанбайұлы, қайтыс болған. Ұлы Отан Соғысына қатысқан.
Анасы - Диқанбаева Бибісара, зейнеткер, Еңбек ардагері, Ұлы Отан Соғысының тыл еңбеккері. Қарағанды қаласында мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған.
Тұрмыста. Күйеуі - Серікбаев Талғат Теңдікұлы "Асар" партиясының мүшесі, Ақмола мемлекеттік медицина академиясының бас бухгалтері.
Ұлы — Серікбаев Қуаныш (1989 жылы туған).
Білімі Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрлық факультетін бітірген (1978).
1982-жылдан КСРО медицина ғылымдары академиясы педиатрия ҒЗИ-ның ординатурасы мен аспирантурасында оқыған. Орыс, қазақ, ағылшын тілдерін біледі.
Ғылыми атағы Медицина ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: "Балалардағы гломерулонефриттер кезінде қан тоқтатудың бұзылуы және оларды түзету әдістері" (1986) Медицина ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы: "Балалардағы қан кету арқылы қан тамыры қабырғасының қабынуы кезіндегі бүйректің зақымдануы" (1997) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті профессоры (1997-2002) 1979-жылдан Қарағанды қалалық №1 балалар клиникалық ауруханасы емханалық бөлімшесінің меңгерушісі 1986-жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институты госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті 1988-жылдан Алматы мемлекеттік медицина институты госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті 2002-жылдан «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» директорының орынбасары 2003-жылдан ҚР денсаулық сақтау вице министрі https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/trud/id-P030000586_/https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30044594 ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2005) 2006-жылдан қазіргі уақытқа дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ директоры ҚР Нефрологтар және трансплантологтар қауымдастығының; Халықаралық Трансплантологтар қауымдастығының мүшесі "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.https://alashainasy.kz/omir/saule-alkeykyizyi-dikanbaeva-49400/
Шығармашылығы "Балалардағы қан кету арқылы қан тамыры қабырғасының қабынуы" (1997) "Балалардағы теміртапшылықты анемия" (1998) монографияларының Сондай ақ 80-нен астам мақалалар мен жарияланымдардың авторы Өнертабыстық 2 патенттің иесі (1996-1997)
Дереккөздер
Санат:1955 жылы туғандар Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары