Милана Юрьевна Сафронова (1991 жылғы 20 наурызда туған, Сарань қаласы, Қарағанды облысы) — қазақстандық боксшы. 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы. 2018 және 2020 жылдары Қазақстан чемпионы атанған. Қазақстанның бокс құрамасының мүшесі. Өмірбаяны Кішкентай кезінен спортпен шұғылданды, футбол және баскетболда ойнады. Бокс секция жөнінде дос қызы ұсынған болатынМилана Сафронова.24SMI. Дата обращения 12 октября 2019.. Қарағандыдағы жаттықтырушысы Қанат Оспанов ең алғашқы жеңістерін көріп, жаттықтыра бастайды. 2012 жылы Милана арқасынан ауыр жарақат алады. Дәрігерлердің үкімі көңілді жұбатпады: Миланаға рингке шығуға тыйым салындыМилана Сафронова: «Буду стараться встать в ряды героев нашего народа» - Бокс/ММА. Sports.kz. Дата обращения 12 октября 2019.. 2015 жылы Милана Мәскеуге көшті. Біраз уақыт өткен соң Милана Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Бектургановты кездестіреді. Вячаслав Яновскийдің бокс клубында қайтадан бокспен айналыса бастайды.

Мансабы 64 кг дейінгі салмақ санатында ұлттық чемпионаттың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Үндістанда әйелдер арасындағы бокстың 10-шы әлем чемпионатында, 1/4 финал жарысында, қазақстандық спортшы украиналық Мария Бовамен кездеседі және оған 0:5 ұпаймен орын беріп, әлемдік біріншілікте өнер көрсетуін тоқтатады. Қазан айында Улан-Удэде өткен 2019 жылғы Олимпиада алдындағы әлем чемпионатын қазақстандық спортшы жартылай финал жекпе-жегімен аяқтайды. Төрешілердің бөлек шешімімен итальяндық спортшы Анджеле Карини жеңіске жетеді. Нәтижесінде әлемнің он бірінші чемпионатында әйелдер арасындағы бокста Милана қола жүлдеге ие боладыРоссиянка Дынник завоевала бронзу чемпионата мира по боксу в весе до 64 кг.ТАСС. Дата обращения 12 октября 2019..

Дереккөздер